Ресей бензин бағасы өскен жағдайда экспорттық баж салығын 90% көтермек

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат -  РФ Қаржы министрлігі бензин бағасының өсуіне байланысты үкіметке қарсы әрекет ретінде мұнай өнімдеріне экспорттық баж салығын енгізуге құқық беруді ұсынды. Бұл туралы журналистерге Ресей Қаржы министрлігі Салық және кедендік саясат департаментінің директоры Алексей Сазанов мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

«Қаржы министрлігі ішкі нарықта жанар-жағармай бағасының өзгеруіне байланысты  жедел әрекет ету үшін үкіметке мұнай өнімдеріне экспорттық баж салығының мөлшері белгіленген заң жобасын енгізеді. Үкімет нарықтағы жағдайға байланысты өз қаулысымен тиісті баж салығын салуға мүмкіндік алады.

«Біз оның шекті деңгейін бензин, дизель отыны, сондай-ақ керосин бойынша 90 пайызға көтеруді ұсынып отырмыз»,- дейді Сазанов.

Соңғы жаңалықтар