+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

2020 жылғы 27 қараша 09:44
Бөлісіңіз:
Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстан аумағында зейнетақыны заңсыз алып отырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда танысының 2 млн-нан астам теңгесін алдап алған алаяқ сотталды Орал тұрғыны өзге елден автокөлік айдап келемін деп 2 млн теңге жымқырған Семейде таныстарының атынан онлайн несие алған алаяқ түрмеге қамалды

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі қозғап, тергеу жүргізген.

Ол Қазақстан Республикасының азаматы бола тұра, 2003 жылы Ресейге барып, сол мемлекеттің азаматтығын алған және екі мемлекет аумағында зейнетақы алып отырған.

Бұл ретте ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталығына РФ азаматтығы бар екендігін әдейі жасырып, ҚР-да зейнетақы алуға құжат тапсырған.

Осылайша, 2006 жылдан бастап 14 жыл бойы айыпталушы ҚР аумағында зейнетақы төлемдерін заңсыз алып отырған және мемлекетке 9,2 млн теңгеден астам залал келтірген.

Батыс Қазақстан облыстық сотымен ол ҚР ҚК 190-б. 1-б. 1-т. қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылды, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Биыл осындай фактілер бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалып, сот үкімі шыққан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT