Ресей астығын Қазақстан арқылы заңсыз экспорттаушылар анықталды

None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті өңірдегі көлік прокуратурасының үйлестіруімен заңсыз астық экспорттаушыларды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан аумағы арқылы үшінші елдерге одан әрі экспорттау мақсатында ресейлік астықтың сұр импортының схемасы белгілі болды. ЖШС 2021-2022 жылдары 1 млрд теңгеден астам сомаға 8,3 мың тонна ресейлік астықты Өзбекстан, Ауғанстан және Тәжікстанға экспорттаған.

Бұл ретте қазақстандық компания жеңілдетілген экспорттық тарифті алу үшін отандық шаруа қожалықтарынан астықты қазақстандық екенін растайтын жалған шот-фактураларды пайдаланған, бұл транзиттік тарифтен жалтарып, «ҚТЖ Жүк тасымалы» ЖШС-не 150 млн теңгеге жуық сомасында залал келтіруге әкеп соқты», - деп жазды ведомстводан.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар