+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Ресей астанасында коронавирус жұқтырған тағы 4 адам көз жұмды

2020 жылғы 31 наурыз 07:55
Бөлісіңіз:
Ресей астанасында коронавирус жұқтырған тағы 4 адам көз жұмды

МӘСКЕУ- ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей астанасында коронавирус жұқтырған және созылмалы дертке шалдыққан тағы 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Мәскеудегі коронавируспен байланысты жағдайды бақылау мен мониторингілеу жөніндегі жедел штабтың Telegram-арнасынан хабарланған.

«Мәскеуде 4 пациент қайтыс болды. Оларға «пневмония» диагнозы қойылған және коронавирус жұқтырғаны да анықталды. Марқұмдардың жасы 76 мен 86-ның аралығында. Олардың барлығы жүрек-қантамырларының созылмалы дертіне шалдыққан»,-деді штаб өкілдері.

Сонымен қатар қайтыс болғандардың созылмалы пиелонефрит, демікпе, мидың созылмалы ишемиясы сияқты аурумен ауырғандары да белгілі болды. Екі адамда қант диабеті болған. Пациенттердің екеуі тыныс алу аппаратына қосылған.

ТАСС агентігінің жедел штаб мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Мәскеуде осыған дейін коронавирус жұқтырған және өзге де аурулары бар 7 азамат қайтыс болды. Мәскеуде вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 11 адамды құрап отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Медицина, Әлем, Коронавирус,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT