+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Ресей астанасында Қазақстанның ең үздік деген фильмдері ұсынылады

2019 жылғы 6 қыркүйек 22:35
Бөлісіңіз:
Ресей астанасында Қазақстанның ең үздік деген фильмдері ұсынылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ресейдегі Мәдениет күндері аясында Мәскеу жұртшылығына, атақты Третьяков галереясында қазақ киносының інжу-маржандары көрсетіледі, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына арналған театр фестивалі басталды Ақтоты Райымқұлова мәдениет қызметкерлерінің жалақысы қаншаға өсетінін айтты Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған республикалық айтыс мәреге жетті

8 қыркүйекте сағат 16:00-де қонақтарды «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмінің режиссері Рүстем Әбдірашев қарсы алады. Салтанатты ашылудан соң көрермендер арасында танымал болған «Қазақ хандығы. Алтын тақ» фильмі киноөнерін бағалаушылардың өтініштері бойынша Мәскеу тұрғындары мен қонақтарына қайта ұсынылады. Тарихи фильм сағат 16:30-да басталады.

Сол күні сағат 19:00-де Третьяков галереясы, Инженерлік корпусының кинозалында Режиссер Джефф Веспаның «Әміре» фильмінің премьерасы өтеді.

«Иллюзион» кинотеатры киномарафонды жалғастырады.

9 қыркүйекте сағат 17:00-де сонау өткен ғасырда, 1954 жылы жарыққа шыққан «Махаббат туралы поэма» фильмінің көрсетілімі болады. Картинаның режиссерлері Шәкен Айманов пен Карл Гаккель.

Шәкен Аймановтың «Алдаркөсе» фильмінің көрсетілімі 10 қыркүйекте сағат 17:30-да басталады.

Киномарофонды 11 қыркүйек күні сағат 19: 00-де режиссер Андрей Шальоп пен Ким Дружининнің «28 панфиловшы» картинасы қорытындылайды.

Барлық көрсетілімдерге кіру тегін.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT