Ресей Астанаға Арктика мұздығын әкелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінде Ресей Федерациясының ұлттық павильоны таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Павильонда Ресейдің энергетикалық әлеуеті, атом саласында жеткен жетістіктері, гидроэнергетикадағытың серпілісі көрсетіледі.

1

«Мұндай ауқымды павильонды таныстырып тұрғаныма қуаныштымын және болашақтың энергиясын көрсетуде ресейлік павильонның алдыңғы орындардан көрінеріне сенімдімін. Барлық келушілер түрлі теңіздердің арасында, Солтүстік теңіз жолы бойында орналасқан Ресейдің өз табиғи артықшылықтарын қолдана отырып, болашақ энергияның инновациялық дамуына қадам басуын көре алады», -  деді Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаил Бочарников павильонның ашылу рәсімінде.

Бір қызығы, павильонның ашылу салтанатында әдеттегідей лента қию рәсімі болмады. Павильонның бас комиссары Георгий Каламанов пен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары Рәпіл Жошыбаев және Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников сұйық азотпен мұз боп қатырылған лентаны балғамен жарды.

2

Павильонға кірген көрме қонақтары мәңгілік мұзды мекен - Арктикаға тап болғандай әсер алады. Ғимараттың қабырғалары тоң басқан мұз түрінде жабдықталған және ондағы сәулелер Арктика табиғатына ғана тән Солтүстік шұғыла құбылысын бейнелейді. 

Экспозицияның басты жаңалығы - Арктикадан, ғаламшардың «ең төбесінен» жеткізілген мұз сеңі болды. Қалыңдығы4 метрді құрайтын мұз сеңі екі жылда түзілген және арнайы контейнерлер арқылы Астанаға жеткізілген.

«Біз «ЭКСПО-2017» «Болашақтыңэнергиясы» тақырыбын Ресей Арктикасы бірегей аймағы арқылы көрсетеміз. Дәл осы аймақта Ресейдің баламалы энергетикасын дамытудың болашағы зор. Бұдан бөлек, Арктикада пайдалы қазбалар да көп», - деді ресейлік павильонның бас комиссары Георгий Каламанов.

3

Сондай-ақ, Ресей павильоны экология жылына қолдау білдіру мақсатында, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғауға қатысты арнайы экспозиция ұсынады. Келушілер «Арктиканың табиғи әлемі», «Арктиканың су астындағы әлемі. Қайраң», «Арктиканың өсімдіктер мен жануарлар әлемі, «Мұздар» сынды динамикалық видео-инсталяцияларды тамашалайды және жануарлардың сиреп кеткен түрлерін сақтау туралы мәліметтермен таныса алады.

2017 жылдың 8 қыркүйегінде ЭКСПО-дағы Ресей күні аталып өтеді.  

2

3

4

5

Соңғы жаңалықтар