Ресей, АҚШ, Қытай мемлекеттерімен ынтымақтастық табысты түрде дамуда - Елбасы

None
None
АСТАНА. Желтоқсанның  22-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -  Қазақстан Ресей, АҚШ, Қытай мемлекеттерімен ынтымақтастықты табысты түрде дамытуда.  Бұл туралы бүгін  Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдерімен кездесу кезінде мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ресей, АҚШ, Қытай мемлекеттерімен өзара қарым-қатынас ерекше орында тұр. Олармен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, энергетика, сауда, көлік, байланыс салаларында ынтымақтастықты табысты түрде дамытудамыз. Біз бұл байланыстарды бұдан әрі қарай нығайтуға, тереңдетуге, біздің ұстанымдарды жақындастыруға дайынбыз», деді.

Сонымен бірге Орталық Азия мемлекеттерімен қарым-қатынастар ерекше орында дамып отырғанына тоқталған Президент екіжақты ынтымақтастық сауда, инвестиция, энергетика салаларына негізделіп отырғанын айтып өтті. «Әрине, дағдарыс бұған әсер етті. Алайда біз бұдан әрі қарай жұмыс істеуге ниеттіміз», деді Н. Назарбаев.

Мұнымен қоса Мемлекет басшысы Еуроодақ елдерімен әріптестік қарым-қатынасты күшейту айрықша мәнге ие екенін атап өтті. «Қабылданған «Еуропаға жол» бағдарламасы экономикалық байланыстарды арттыруға, сондай-ақ ынтымақтастықтың жаңа қалыптарын белсенді түрде дамытуға негізделген», деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар