Ресей Африкаға 20 миллиард доллар қарызын кешірді

None
None
АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Ресей африка елдерінің 20 миллиард доллардан астам қарызын кешірді, деп хабарлады Ресейдің Жаңалықтар агенттігі.

РФ СІМ Халықаралық ұйымдар департаментінің директоры Владимир Сергеевтің мәлімдеуінше, Ресей сондай-ақ Бүкіләлемдік банктің қорына ең кедей елдер үшін 50 миллион доллар салды, ақша Африканың субсахаралық өңірін дамытуға жұмсалатын болады. Бұдан басқа, РФ 2008-2012 жылдар аралығында Бүкіләлемдік банктің дамушы елдерде, соның ішінде Африканы қоса алғанда білім сапасын арттыру бойынша бағдарламасына 42,9 миллион доллар бағыттады.  

Сергеев Ресейдің ЖҚТБ, туберкулез және безгек ауруларына қарсы күрестің ғаламдық қорына ерікті жарнасы 100 миллион долларға жеткенін қосып өтті. 2011 жылы Ресейдің Бүкіләлемдік банктің Африкадағы безгек ауруын қадағалау бойынша бағдарламасын орындауға қосқан 20 миллион доллары толығымен өтеліп бітті. Бұдан бір жыл бұрын осындай мақсаттарға Дүниежүзілік  денсаулық сақтау ұйымының ұқсас бағдарламасына 4 миллион доллар бөлінген еді.

Сергеевтің айтуынша, «даму үшін қарызды айырбастау» бағдарламасының аясында сондай-ақ Замбиямен және Танзаниямен даму жобаларын қаржыландыру үшін қарыздарды пайдалану туралы келісімдер жасалды. «Осыған ұқсас келісімдер сондай-ақ Бенин, Мозамбик және Эфиопиямен жүргізілуде», - деді дипломат.

Соңғы жаңалықтар