Ресей 1 тамыздан бастап халықаралық әуе рейстерін іске қосады

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Ресей Федерациясында 1 тамыздан бастап халықаралық әуе рейстері жанданатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Халықаралық әуе рейстерін жандандыру туралы шешім қабылданды, соған қарамастан біз эпидемиологиялық жағдайды, ауру көрсеткіштерін басты назарда ұстаймыз», - деп мәлім етті бейсенбі күні үкімет төрағасы министрлер кабинетінің отырысында.

Ол 1 тамыздан бастап Мәскеу, Мәскеу облысы, Дондағы Ростов пен Санкт-Петербург әуежайларынан рейстер жүзеге асырылатынын нақтылады.


Соңғы жаңалықтар