USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Рельске басымен жатып, пойыз астына түскен семейлік аман қалды

2017 жылғы 27 қазан 10:17
Бөлісіңіз:
Рельске басымен жатып, пойыз астына түскен семейлік аман қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Семейде ер адам пойыз рельсіне басын қойып, өз-өзіне қол салмақ болған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ҚТЖ «Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 25 қазан күні сағат түскі 14:10 шамасында Семей - Ескі Ертіс стансалары аралығында болған.

«Машинистің айтуынша, зардап шеккен адам аяқ астынан жүгіріп шығып, рельске басын қоя қойған», - деп хабарлады «Жүк тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

Осыған қарамастан, ер адам тірі қалған.

«Ол жедел жәрдем қызметімен Семей қаласында жеткізілді. Қазіргі уақытта оның кім екені анықталды. Зардап шеккен адам мас күйде болған», - делінген хабарламада.

Компаниядан мәлім еткендей, осы күні пойыз жолдарында тағы бір оқиға тіркелді. Көкшетау-Новоишимская учаскесінде машинист темір жол бойында бөгде адамның жүргенін көріп, сағатына 75 шақырыммен келе жатқан пойызды жедел тоқтатуға мәжбүр болған. Ауа райының жайсыздығынан көру мүмкіндігі аз болғандықтан, апаттың алдын алу мүмкін болмады. Салдарынан қауіпсіздік ережелерін сақтамай, темір жолдың үстімен қой айдап бара жатқан қойшы зардап шеккен. Аталған оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

«Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2017 жылдың 9 айының ішінде Қазақстанда пойыздың адам қағуына қатысты - 83, малға қатысты 10-нан астам оқиға тіркелді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT