+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

Ректорларды конкурстық негізде іріктеген дұрыс – Білім министрі

2019 жылғы 17 шілде 17:12
Бөлісіңіз:
Ректорларды конкурстық негізде іріктеген дұрыс – Білім министрі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық университет ректорларын конкурстық негізде іріктеу дер кезінді әрі дұрыс жасалып отырған шара. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді Қазақстан Президентінің апталық жұмысына видеошолу Қазақстан Президенті жаңадан тағайындалған Оман Сұлтанын құттықтады

«Осы бүгінгі баспасөз мәслихатына келе жатқан жолда әлеуметтік желілерді шолып шықтым. Бұл ретте аталған бастамаға қоғам реакциясы өте позитивті екенін байқадым. Жазылған пікірлердің басым бөлігінде тұрғындардың, ұстаздар мен ЖОО басшылығының ұстанымы позитивті. Жалпы, конкурстық іріктеу шешімді қабылдаудың ашықтығын, бәсекелестікті қамтиды. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз тиісті құжаттарды дайындаймыз», - деді Білім және ғылым министрі.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовты қабылдады.

«ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке ұлттық университеттердің ректорларын конкурстық негізде Үкімет қаулысымен тағайындау жөнінде нормативтік құжаттар әзірлеуді тапсырдым. Қазіргі ректорларды Президент жарлығымен тағайындау процедурасы күшін жояды», - деп жазды Мемлекет басшысы.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT