Регбиден Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының күміс жүлдегері болды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда әйелдер құрамалары арасында регби-15-тен XII Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Жапонияға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Матчтың есебі – 0:72

Анна Яковлева жаттықтыратын регбиші қыздарымыз бір апта бұрын алғашқы ойында Гонконгты 27-23 есебімен жеңген болатын.

Регбиден әйелдер арасында сары құрлық бәсекесі 2006 жылдан бері өтіп келеді. Алғашқы чемпионатты Қытайдың Куньмин қаласы қабылдап, алаң иелері бас жүлдеге ие болған еді. 28 мамырдағы кездесуде Қазақстан мен Жапония чемпиондық жағынан теңесті. Екі елде 5 бас жүлдеден бар. Ал Қытай мен Гонконг бір-бірден жеңіске жетті.

Айта кетейік, регби-15 олимпиада бағдарламасына кірмейді. Онда әр командада 26 спортшыдан болады. Әр тайм (2) 40 минутқа созылады.


Соңғы жаңалықтар