Регби-7: Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын Қазақстан құрамы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 9-11 қараша күндері Қытайдың Гуанджоу қаласында регби-7 спортынан Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді. Азия аймағындағы үздіктерге жолдама ұсынатын жарысқа Қазақстан құрамасы да қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қытайдағы іріктеу сынында Қазақстан атынан төмендегі спортшылар бақ сынайды: Сымбат Жаманқұлова, Анна Яковлева, Лилия Базярук, Людмила Коротких, Нигора Нұрматова, Құндызай Бақтыбаева, Балжан Қойшыбаева, Дарья Ткачева, Вероника Степанова, Диана Әбішева, Карина Проскурина, Алина Аскерова.

Команда бапкері – Валерий Попов. Қазақстан өз тобында Сингапур, Тайланд және Филиппин құрамаларымен кездеседі.
Соңғы жаңалықтар