+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы қашан өтеді

2020 жылғы 18 қазан 17:00
Бөлісіңіз:
Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы қашан өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің алғашқы отырысы 21 қазанда өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеңесшім, Реформалар жөніндегі жоғары кеңес төрағасының орынбасары сэр Сума Чакрабартимен кездесу барысында биылғы 21 қазанда өтетін кеңестің алғашқы отырыcының күн тәртібін талқыладық. Негізгі реформалар айқындалды, оларды пысықтау жуық арада басталуы керек» деп жазды Қазақстан Президенті Twitter парақшасында.

Еске сала кетейік, біз осыған дейін Президент жанынан реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылғанын хабарлаған болатынбыз.

Бұл кеңес мемлекеттік органдардың бастамасымен реформалар жөніндегі аса маңызды ұсыныстарды қарау және бекітумен айналысады. Оның жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында кеңес құрамына Еуропалық қайта құру және даму банкінің экс-президенті Сума Чакрабарти енгізілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT