Реформалар міндетті түрде өз жалғасын табады - Президент

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты. Бұл туралы «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасындағы сұхбаты кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сұхбат барысында тілші төңкерісшілер билікке неге қарсы шыққанын сұрады.

«Мәселе мынада: төңкерісшілер елімізде қолға алынған реформаларға кедергі келтіруге тырысты. Тіпті Президентке де қарсы болды. Өзгерістер олардың мүдделеріне тиімді емес еді. Өйткені, реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам орнату, монополияларды жою, саяси трансформация жасау, еліміздің экономикалық дамуын жеделдету. Халық та осыны талап етіп отыр. Сондықтан, бағытымызды өзгертпейміз, реформалар міндетті түрде өз жалғасын табады», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар