Реформа: Үш деңгейлі үлгі бойынша соттар жұмысын негізінен электронды форматта жүргізеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қылмыстық жүйені модернизациялауда үш деңгейлі модельге көшсек, соттардың негізгі форматы электронды болады.

Бұл туралы «Қазақстандағы құқық қорғау және сот жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері» атты халықаралық дөңгелек үстел барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстан құқық қорғау саласында жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Бұл елдегі тұрақтылық пен қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Бас бостандығынан айыру жазасы аса қауіпті қылмыскерлерге тағайындалады. Егер 90-жылдардың басында біздің түрмелерде 100 мыңнан астам адам жазасын өтеген болса, бүгінде олардың саны 30 мың. Осы реформалар заңды одан әрі нығайта түсті»,- деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар, ол Президент құқық қорғау, қадағалау және сот органдары арасында жауапкершіліктің нақты болуын атап өткенін тілге тиек етті.

«Азаматтарымыздың конституциялық құқықтарының қорғалуын және олардың билік институттарына деген сенімін нығайту үшін жүйелі реформалар қажет. Қылмыстық іс жүргізуде прокурордың орны ерекше. Ол жинақталған материалдарға тәуелсіз баға беріп, негізгі процессуалдық шешім қабылдайды. Ал полиция қылмыскерлерді ұстап, дәлелдер жинайды. Сот өз кезегінде төрелігін жүзеге асырады. Бұл тәсіл сотқа дейінгі тергеп-тексерудің алғашқы сатыларынан бастап заңбұзушылықтарға кедергі. Бұл жүйені посткеңестік елдер енгізді», - деді ол.

Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі халыққа жолдаған Жолдауында үш сатылы қылмыстық сот төрелігі курсын енгізуді айтқан болатын.

«Біз барлық мәселелерді жан-жақты талқыладық. Парламент қабылдаған және 19 желтоқсанда Мемлекет басшысы қол қойған Қылмыстық іс жүргізу кодексіне түзетулерді әзірледік. Онда кезеңдері көрсетілген. Бірінші кезеңде прокурорлар біздің тергеушілеріміздің негізгі процессуалдық шешімдері туралы келіседі. Сондай-ақ, прокурор тергеу органдарының қылмыстық істі тоқтату туралы барлық шешімдеріне заңды күш береді. Қылмысқа қатысты хаттамаларға бұйрық шығарылады. Содан кейін сотқа жібереді. Сондықтан бұл заң күшіне енген сәттен бастап прокурордың келісімінсіз кез келген процессуалдық шешімнің заңды күші болмайды», - деді Марат Ахметжанов.

Оның айтуынша, жаңа тетіктер заңбұзушылықтарды ерте сатысында анықтауға және оның жолын кесуге мүмкіндік береді. Бұл азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтеді.

«Қазір прокуратура органдарында қайта құру жүріп жатыр. Бұл прокурорлардың жауапкершілігін арттырады, сонымен қатар жаңа кадрларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл қылмыстық процестің алдағы уақыттағы үш деңгейлі моделіне көшуге өз септігін тигізеді», - деп атап өтті спикер.

Айта кетейік, Қазақстанда барлық тіркелген қылмыстық істердің 42% -ы электронды түрде тергеліп жатыр. Жүйе полиция басшылығына және прокуратураға тергеудің барысын онлайн режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Үш деңгейлі модельге көшу арқылы электронды іс жүргізу болашақта қылмыстық соттардың негізгі форматына айналмақ.


Соңғы жаңалықтар