Референдумнан кейінгі басқарудың жаңа формасы әлемнің Қазақстанға қызығушылығын айтарлықтай арттырады – сарапшы

Фото: None
БАКУ. ҚазАқпарат – 5 маусымда Конституцияға енгізілген түзетулер бойынша Қазақстанда өткен референдум еліміздің саяси және экономикалық жүйесін қайта іске қосуды көздейді, республиканың дамуын жаңа деңгейге шығарады деп есептейді сарапшы-экономист, «Республика» зерттеу орталығының басшысы Натиг Джафарли, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«Референдумға дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билеуші партияның басшысы қызметінен бас тартты. Бұл – дұрыс шешім. Шын мәнінде, партия атқарушы билікке тәуелді болмаған кезде халықтың оған деген сенімі нығаяды, оның беделі артады. Бұл қадам болашақта елдегі көппартиялы жүйенің нығаюына оң әсер етіп, Қазақстандағы саяси күштер арасындағы салауатты бәсекелестіктің артуына ықпал етеді», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, Конституцияның жаңа редакциясының ескіден басты айырмашылығы – бұл басқару жүйесінің өзгеруі, биліктің қатаң вертикалынан бас тарту, президенттік басқарудан президенттік-парламенттік республикаға бірқалыпты және заңды түрде көшу.

Экономистің айтуынша, өткен референдумнан кейін басқарудың жаңа нысаны әлемнің Қазақстанға, әсіресе инвесторларға деген қызығушылығын айтарлықтай арттырады.

«Түзетулер атқарушы билікке ғана емес, сот билігіне де қатысты. Бұл – инвесторлар үшін өте маңызды сәт. Шетелдік және жергілікті бизнес, инвестициялар заңның үстемдігін сезінуі керек, бұл бизнеске сенімді болуға көмектеседі», - деді Натиг Джафарли.


Соңғы жаңалықтар