Референдумды өткізу кезінде 1,6 млрд теңге үнемделді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Орталық сайлау комиссиясы 5 маусымда республикалық референдумды өткізуге бөлінген 16,5 млрд теңгеден 1,6 млрд теңгені республикалық бюджетке қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қаражат үнемі өткізілген мемлекеттік сатып алуларды оңтайландыру және сайлау комиссиялары мүшелерінің нақты жұмысқа шығу күндерінің есебінен жргізілді» , -делінген ОСК хабарламасында.
Еске салсақ, биыл 5 маусымда Қазақстан Конституциясына өзгертулер мен толықтыруларға қатысты референдум өтті. Оның қорытындысы бойынша Қазақстан Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар қабылданды.
Соңғы жаңалықтар