Референдумды қолдайтын республикалық штаб құрылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі республикалық референдумды қолдайтын қоғамдық штабын құру бастамасын көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылған штабқа бірнеше партия мен қоғамдық ұйым өкілдері де кірмек. Ал штаб төрағасы Төлеубек Мұқашев болды.

«Президенттің референдум өткізу туралы Жарлығына байланысты шараны қолдайтын республикалық қоғамдық штаб құру бастамасы көтерілді. Ондай бастаманы Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі қозғады. Оған ірі қоғамдық бірлестіктер мен салалық қауымдастықтар атсалысуға ниет танытып отыр. Сондай-ақ «Ақжол» мен «Ауыл» партиялары да қызғушылық білдіруде. Біз ұсынылып отырған Конституциялық реформаның бүкіл нормалары бойынша түсіндіру матералдарын әзірлейміз. Әлеуетімізді бүкіл өңірлердегі халыққа түсіндіру жұмыстарына бағыттаймыз», - деді ол штаб өткізген брифингіде.

Оның айтуынша, штабтың шалғай аудандардың бәрін қамтитын қауқары бар. Бұдан кейін түрлі салалық топтармен кездесулер ұйымдастыру жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар