Референдумда саяси партияны қолдауға тыйым салынатын лауазым иелері айқындалады

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова республикалық референдумға халық меншігіндегі ортақ игіліктерді басқару құқығы туралы өзгерістердің мәнін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жерді, оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жариялау ұсынылып отыр. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Мемлекеттік институттар тек халықтың атынан осы ресурстарды басқарады. Бұл жерге жеке меншік режиміне ешқандай жағдайда әсер етпейтінін ескеру қажет. Яғни жеке меншіктегі жер одан әрі жеке меншікте болады. Сондай-ақ, Конституцияда билікке қатысты ұқсас режим, идея бар екенін атап өткім келеді. Конституция бойынша билік халыққа тиесілі. Алайда халық өз билігін мемлекеттік институттар арқылы жүзеге асырады», - деді Алма Мұқанова.

Оның айтуынша, Конституциялық реформа аясында ел Президентінен өзге де жоғары лауазым иелеріне саяси партияларға мүшелік етуіне тыйым салы көзделіп отыр.

«Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың және өзге де соттардың төрағалары мен судьялары, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық Палатаның Төрағасы мен мүшелері үшін саяси партияда, кәсіподақтарда болуға, және қандай да бір партияны қолдауға тыйым салу ұсынылады», - деді вице-министр.

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев конституциялық реформаға қатысты өтетін республикалық референдум өткізуге қанша қаражат бөлінгенін айтты.


Соңғы жаңалықтар