20:43, 10 Қаңтар 2021 | GMT +6
Референдумда қырғыз сайлаушыларының 80 пайызы президенттік басқаруды таңдады
БІШКЕК. Кабар-ҚазАқпарат - Референдумда сайлаушылардың 80,89%-ы президенттік басқару түріне дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
Сайлаушылардың 10,33% парламенттік басқару түрін жақтап дауыс берсе, 4,34% екеуіне де қарсы дауыс берді.
Айта кетейік, деректер автоматты түрде оқитын барлық урналардан онлайн режимінде түседі.
Деректер әзірге шамалап берілді.
Көрсеткіш үнемі өзгеруде.