«Референдумда дауыс бере отырып, адамдар өздерін қабілетсіз деп таниды» - фейк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде биыл 5 маусымда өтетін республикалық референдумды талқылауда. Кейбір пайдаланушылардың пайымдауынша, дауыс бере отырып, адамдар өздерін қабілетсіз деп таниды, демек референдумға қатысуға болмайды. Stopfake.kz сайтының жазуынша, бұл – жалған мәлімет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биыл 5 мамырда Қазақстанда республикалық референдумның өтетіні туралы жария етілді.
Оның мақсаты – Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға енгізуді ұсынған түзетулерге дауыс беру.
Бюллетеньде жауаптардың тек екі нұсқасы ғана болады: «иә» немесе «жоқ». Тиісінше, «Иә» жауабын таңдап, адам Конституцияға енгізілетін түзетулерді қабылдауға келісімін білдіреді, ал «жоқ» деп қарсылығын білдіреді.



«Сайлаушылардың құқықтық қабілеттілігі жөніндегі мәселелер референдумда шешілмейді және олай болмайды да. Адам өзінің қабілетсіздігін референдумға қатысу арқылы растайды деген теория «егемен-тірі адамдар» қозғалысының идеологиясынан бастау алады. Қозғалысты жақтаушылардың пікірінше, жеке басын куәландыратын құжаттары бар және үнемі салық төлейтін, өз елдерінің заңдары бойынша өмір сүретін барлық адамдар заң жүзінде өлі деп саналады. Олардың өздері құжаттардан және кез келген қызметке ақы төлеуден бас тартады, өздерін «тірі» деп тануды талап етіп, Билеушілер мен Егемендер деп атайды. Бұл қозғалыс деструктивті және оның басшысы психикалық сау емес деп танылған.

Демек, бұл қозғалысты жақтаушылардың теорияларына сенудің қажеті жоқ. Республикалық референдумда дауыс берудің азаматтардың әрекетке қабілеттілігін немесе қабілетсіздігін тануға ешқандай қатысы жоқ», - делінген сайтта.


Соңғы жаңалықтар