Референдумда бюллетеньдерді өшіп қалатын сиямен толтыру ұсынылды – фейк

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазнетте «бүгін республикалық референдумда түсірілген» деген ролик жарияланды. Кадрларда ер адам бюллетеньге белгі қойып, оны отпен күйдірген кезде жазу жоғалады. Автордың пайымдауынша, дауыс беру кабиналарына осындай өшіп қалатын сиясы бар қаламдарды әдейі қойған. Бұл ақпарат – фейк, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz телеграм каналына сілтем жасап.

«Шын мәнінде, жазу жоғалып кететін видео ескі. Ол желіде алғаш рет 2019 жылы жарияланған. Роликтің қазір өтіп жатқан референдумға ешқандай қатысы жоқ», - делінген ақпаратты тексерушілер каналында.


Соңғы жаңалықтар