«Референдум туралы» Заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

1-бап. «Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) 3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) мемлекеттің тəуелсіздігін, Республиканың бiртұтастығы мен аумақтық тұтастығын, оны басқару нысанын, Республика қызметінің түбегейлі қағидаттарын өзгерту;»;

2) 28-бапта: 1-тармақтың 3) тармақшасындағы «сызылып тасталмаған» деген сөздер «белгіленбеген» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «сызылып тасталған» деген сөздер «белгіленген» деген сөзбен ауыстырыл сын;

3) 29-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Азамат дауыс берген кезде өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға кез келген белгіні қояды».

2-бап. Осы Конституциялық заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.ТОҚАЕВ

Нұр-Сұлтан, Ақорда


Соңғы жаңалықтар