Референдум табысты өтті екен деп босаңсуға болмайды – Мемлекет басшысы

None
None
ҰЛЫТАУ. ҚазАқпарат – Ұлытау облысында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев реформалардың мән-маңызын халыққа түсіндіру керек екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ең бастысы, біздің бағдарымызды халықтың басым көпшілігі қолдап отыр. Азаматтарымыз елімізде түбегейлі өзгеріс болатынына сенеді. Дегенмен, референдум табысты өтті екен деп, босаңсуға болмайды. Нағыз жұмыс енді басталды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы орайда Президент реформаны жүзеге асыру барысын елге ұдайы түсіндіріп отыру керек екенін айтты.

«Қазірдің өзінде жаңғыру үдерісі біртіндеп жалпыұлттық сипатқа ие бола бастады. Шын мәнінде, жаңғырудың әсерін әрбір азаматымыз сезінуі қажет. Елдегі өзгеріске әркім өз ісіндей қараса, шын мәнінде, жаңару жолына түсеміз. Мұны еліміздің әрбір азаматы терең түсінгені жөн», - деді Мемлекет басшысы.


Соңғы жаңалықтар