Референдум өтті деп саналады - Орталық референдум комиссиясы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша 6 262 973 адам дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Орталық референдум комиссиясына аймақтардан келіп түскен деректерге сәйкес, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың келесі саны дауыс беруге арналған бюллетеньдерді алды.

Нақты айтқанда, Ақмола облысы – 56,89, Ақтөбе облысы – 45,64, Алматы облысы – 58,07 , Атырау облысы – 50,68, Батыс Қазақстан облысы – 53,58, Жамбыл облысы – 63,46, Қарағанды облысы – 61,08 , Қостанай облысы – 62,47, Қызылорда облысы – 65,03, Маңғыстау облысы – 43,36, Павлодар облысы – 57,79, Солтүстік Қазақстан облысы – 62,41, Түркістан облысы – 53,63, Шығыс Қазақстан облысы – 64,21, Нұр-Сұлтан қаласы – 41,13, Алматы қаласы – 23,06, Шымкент қаласы – 59,32 пайыз.

Жалпы, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республиканың 6 262 973 азаматы бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 53,43 пайызын құрайды. Заңға сәйкес, егер референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан болса референдум өткізілген деп саналады. Осылайша, аумақтық референдум комиссияларының деректеріне сәйкес, заңмен белгіленген келушіге қол жеткізіліп отыр», - деді Анастасия Щегорцова.

Орталық референдум комиссиясы ел тұрғындарының сайлау учаскелеріне келуіне қатысты келесі деректі сағат 16.00-де ұсынады.


Соңғы жаңалықтар