Референдум күні Алматыда 81 нәресте өмірге келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Референдум күні Алматыда 81 нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 5 маусым күні мегаполистегі перзентханаларда жалпы саны 81 бала дүние есігін ашқан.

Оның 40-ы - ұл, 41-і - қыз бала. Арасында егіз балалар да бар.

«Балам референдум күні дүниеге келді. Ұл бала. Бұл - еліміз үшін тарихи оқиға. Сондықтан жақысылыққа балап отырмыз. Бұл күні дүниеге келген сәбилер Жаңа Қазақстанның бақытты, болашағы жарқын азаматы болсын», - дейді жас ана Венара Кәрібаева.

2021 жылы Алматыда 42 мыңнан астам сәби дүниеге келген.

Еске салайық, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойында дүниеге келген сәбилерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан арнайы сыйлықтар табыс етілді.

«Сүйінші» деп алатын қорапқа сәбилерге қажетті жөргек, киім-кешек пен өзге де заттар салынған.

Еске сала кетейік, мұның алдында референдум күні Атырауда 33 нәресте, Нұр-Сұлтанда 65 сәби дүниеге келгенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар