Референдум қаражатының біраз бөлігі материалдық-техникалық жасақтауға жұмсалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Референдум өткізуге бағытталатын қаражаттың 21 пайызы учаскелердің материалдық-техникалық жасақталуына, референдум комиссиясының жұмысына жұмсалады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл соманың 21 пайызы дауыс беру учаскелерінің метариалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне, Орталық референдум комиссиясы мен учаскелік әрі аумақтық комиссиясының жұмысына, баспа өнімдерін даярлауға, ақпараттық сүйемелдеуге, сондай-ақ ел аумағында арнайы билбордтарды орналастыруға арналған», - деді С. Мұстафина ОСК-да өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев конституциялық реформаға қатысты өтетін республикалық референдум өткізуге қанша қаражат бөлінгенін айтты.

«Конституциялық референдум өткізуге республикалық бюджеттен 16 млрд 400 млн теңге бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясы тиісті есеп-қисапты ұсынды. Бүгін Үкімет осыған байланысты Қаулы қабылдады. Қаржы республикалық бюджеттен, Үкімет резервінен бөлінеді», - деді Е. Жамаубаев.


Соңғы жаңалықтар