Рефендумның үгіт-насихат тобындағы кейбір сарапшылар дұрыс түсіндірмей жүр - заңгер

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Заңгер Думан Базарбеков референдумның үгіт-насихат жұмыстары тобындағы кейбір сарапшылар кейбір мәселені дұрыс түсіндірмей жүргенін айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Референдум өтіп, Ата Заңға өзгеріс енетін болса, Президенттің құзыреті шектеледі, Парламент күш алады», - дегенді жиі естіп жүрміз. Бірақ бұл – теріс түсінік. Өйткені, Президент өзінің құзыретін шектеп жатқан жоқ, осыған дейін өзі атқарып келген кейбір жұмыстарды Парламент құзырына беріп отыр. Суперпрезиденттік жүйеден бас тартып, Президенттік басқару моделіне өтіп жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыны айтып отыр.

Қазір бізде қалай? Қит етсе болды, Президент неге араша түспейді деп жатады. Мемлекет басшысы елдегі резонанс тудырған барлық мәселеге үн қатып жатыр. Айталық, әскери бөлімдерде жарылыс болды - Президент оқиға орнынан табылды. Әлеуметтік сипаттағы мәселе өрши түсті – Мемлекет басшысы жіті бақылауға алу керектігін айтты. Соттарда әділдік таппаған адамдар өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады - бұл жерде де Қасым-Жомарт Тоқаев мәселеге араласып, құзырлы органдарға тапсырма берді. Былай қарасаңыз, бізде барлық жұмысты бір ғана адамның мойнына артып қойған. Ал бір-бір саланың тұтқасын ұстаған министрлер, халық ішінен шықтық деп жүрген депутаттар осылай қол қусырып отыра бере ме? Әсілінде, әлгі жұмыстардың көбін минисрлер мен депутаттар атқаруы керек. Біз осы формула орындалған кезде ғана суперпрезиденттік жүйеден алыстап, Президенттік жүйеге ойысамыз«,- деді заңгер Думан Базарбеков.

Д. Базарбеков, жаңа конституциялық реформа президенттік билікті шектеуді емес, оның кейбір функцияларын Парламентке бөлуді білдіретінін айтады

»Бұл - Тәуелсіздіктің кепілі, азаматтардың құқықтарын қорғаудың кепілі ретінде «мықты Президент» дегенді білдіреді. Міне, конституциялық реформаның мәні қазір кейбір адамдар пікір білдіріп жатқандай, Президенттің өкілеттіктерін шектеуде емес, алдағы референдумда деп ойлаймын«,- деп заңгер ойын қорытындылады.


Соңғы жаңалықтар