Реджеп Тайип Ердоғанға Президент сайлауында сәттілік тілеймін - Қасым-Жомарт Тоқаев

None
Фото: akorda.kz
АНКАРА. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының «Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек» атты кезектен тыс саммитінде сөйлеген сөзінде Реджеп Тайип Ердоғанға Президент және Парламент сайлауында сәттілік тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Қиын сәтте халықаралық қауымдастықтың түрік халқына қолдау көрсетуі Реджеп бейдің жоғары беделі мен еліне жасап жатқан риясыз қызметінің нәтижесі деп санаймын.

Биыл Түркия Республикасына 100 жыл толады. Бұл – үлкен тарихи меже. Түркия қысқа мерзімнің ішінде қуатты, ықпалды мемлекетке айналды. Оның халықаралық ықпалы және беделі, расында өте күшті. Осы жерде Реджеп Тайип Ердоғанның еңбегі және үлесі айқын. Оны бүкіл әлем мойындап жатыр.

Осы ретте, қадірменді Реджеп Тайип Ердоған мырзаға алдағы Президент және Парламент сайлауында сәттілік тілеймін. Түрік жұрты Сізге барынша қолдау көрсетеді деп сенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар