«Реал» ресми түрде Зиданның кеткенін жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мадридтік «Реал» Зинедин Зиданның команданың бас жаттықтырушысы қызметінен кеткенін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зиданның шешімін құрметтеуіміз керек, оның кәсібилігіне, адалдығына және осы жылдар ішіндегі ойындар үшін бар күш-жігерін жұмсағанына, сондай-ақ «Реал Мадрид» үшін маңызға ие болғанына алғыс білдіреміз», — делінген команданың ресми сайтында жарияланған мәлімдемеде.

Зидан «Реалды» 2016 жылдан 2018 жылға дейін басқарды, содан кейін 2019 жылы «корольдік клубтың» жаттықтырушысы болды. Оның басшылығымен мадридтік клуб екі рет Испания чемпионы (2016/17, 2019/20), екі рет елдің Суперкубогын жеңіп алды (2017, 2019/20), үш рет (2015/16, 2016/17, 2017/18) Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды, екі рет (2016, 2017) УЕФА Суперкубогын еншіледі және екі рет (2016, 2017) әлем чемпионатының жеңімпазы болды.

Аяқталған Испания чемпионатының қорытындысы бойынша «Реал» турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Команда чемпионатта алтын жеңіп алған мадридтік «Атлетикодан» екі ұпай артта қалды.

Соңғы жаңалықтар