+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

«Реал Мадридке» баратын жас футболшылар белгілі болды

2019 жылғы 13 қыркүйек 13:21
Бөлісіңіз:
«Реал Мадридке» баратын жас футболшылар белгілі болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Реал Мадрид» клубына баруға үміткер жас футболшылар арасындағы жарыс аяқталды. Бас жүлдені тараздық «Тұлпар» командасы ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыр атлетикадан әлем біріншілігінің алауы тұтанды Елордада спортшылармен ғылыми жұмыс жүргізетін университет ашылады Асқар Мамин Ұлттық олимпиада комитетінің басым міндеттерін айқындап берді

Бас жүлдегер команда - балалар үйлерінің ойыншыларынан жасақталған 12 команданың арасынан анықталады. Үш күнге созылған тартысты додада Тараздық «Тұлпар» командасы озық шықты. Финалда олар Рудный қаласының «Беркут» командасымен ойнап, 1-0 есебімен жеңді.

«Біз қатты қуанып тұрмыз. Бұл жеңісті біз көп армандадық, командамызбен бар күшімізді салдық. Біз барлық бала армандайтын «Реал Мадрид» футбол клубы мен атақты «Сантьяго Барнабео» стадионын көреміз. Алматыға Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген футболшыларға сәттілік тілеймін. Барлық команда мықты болды», - дейді «Тұлпар» командасының ойыншысы Темірлан Донилко.

Қазақстандағы балалар үйінің жеткіншектері арасындағы «Арманыңа жақында» атты футбол ойыны «BAURZHAN» қайырымдылық қоры, Қазақстан футбол Федерациясы, ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен өтті.

«Турнир өткізілген жеті жылдың ішінде балалар үйінің 60 шақты баласы испандық «Барселона», италиялық «Милан», немістің «Бавариясы» мен француздың «Пари Сен-Жермені» секілді азулы футбол клубтарында болыпты. Биылғы жарыстың жеңімпаздары әйгілі «Реал Мадридке» барып, жаттығуын көрмек»,- деп атап өтті BAURZHAN» қайырымдылық қорының жоба жетекшісі Балжан Тұрсын.

Жобаның бас демеушісі «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры. Жеңімпаз команданы Испания еліне апарып, алып келуді осы қор өз мойнына алды.

«Біз мұндай жобаларды үнемі қолдап отырамыз. Бұл жобаның ерекшелігі — мұнда балалардың арманын орындау, оларды қуанту, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Дәл осы балалардың арасынан ертең, мықты спортшы шығуы мүмкін. Сондықтан біздің қор қуана-қуана барлық шығынды көтеріп алады. Мен жеңімпаз команданы шын жүректен құттықтаймын. Бұл спорт, мұнда бір-ақ жеңімпаз болуы керек. Десекте, барлық командаға арнайы сыйлығымыз бар»,- деді «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас менеджері.

Қазан айының соңында, жеңімпаз команда Испанияға аттанып, арманымен қауышады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Алматы, Еуропа,
Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT