+7 (701) 759 90 19
USD 377.29 EUR 418.41
RUB 6.09 CNY 54.66
Jańalyqtar

«Реал Мадрид» жаңа маусымда қоқыстан жасалған қызыл жейдемен ойнайды

2018 жылғы 7 тамыз 12:17
Бөлісіңіз:
«Реал Мадрид» жаңа маусымда қоқыстан жасалған қызыл жейдемен ойнайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Нью-Йорк қаласында Испанияның «Реал Мадрид» клубы және «Адидас» компаниясы команданың 2018/19 жылғы маусымда киетін жейденің үшінші - қызғыш түсті топтамасын таныстырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Жейделерді «Адидас» компаниясы әлемдік мұхиттың пластиктен ластануынан қорғау жөніндегі Parley ұйымымен бірлесе отырып шығарған. Жаңа типтегі жейделерді тігу үшін шикізат ретінде мұхиттар мен теңіздердің жағалауларынан жиналған пластик бөтелкелер, бір реттік ыдыстар, пакеттер, т.б. қоқыстар пайдаланылған.

«Біз Parley жейделерімен ойнау туралы алғаш рет 2016 жылы келісім жасасқан болатынбыз. Енді жаңа маусымда осы жейделерді пайдаланамыз. Біз қоршаған ортаның ластануы проблемасына мұқият қарауымыз қажет», - дейді клубтың институтаралық байланыстар жөніндегі директоры Эмилио Бутрагеньо.

Жаңа жейделер клубтың ресми сайтында 89,95 АҚШ долларымен сатылып жатыр. Ал әйелдерге арнап тігілген нұсқасы - 79,95 доллар, балалар жейдесі 64,95 доллар тұрады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT