«Реал Мадрид» - Еуропаның 13 дүркін теңдессіз командасы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Украина астанасы Киевте УЕФА Чемпиондар лигасының финалында «Реал Мадрид» «Ливерпульді» жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші таймда командалар сақтықпен ойнады. Бірақ бұл тактика стратегиялық маңызды позицияларда ойнайтын футболшыларды жарақаттан сақтамады. Доп үшін талас кезінде алдымен Мұхаммед Салах, артынша Карвахаль жарақат алып, ойынды ерте аяқтады.

51-минутта «Ливерпуль» қақпашысы Лорис Кариустың өрескел қателігінен соң Карим Бензема есеп ашты. Араға 4 минут салып, Садьо Мане есепті теңестірді. Иско Аларконның орнына тыңнан ойынға қосылған Гарет Бейл 64-минутта керемет гол соғып, командасын алға бастады. Ал 83-минутта Бейлдің алыстан пәрмендеп соққан добын Кариус қайтаруға қауқарсыз болды.

Осылайша, Зинедин Зиданның ұжымы Десимотерсероға, яғни 13-ші айқұлақ кубокқа қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар