«Реал Мадрид» бас бапкері Зинедин Зидан қызметінен кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Реал Мадрид» командасының бас бапкері Зинедин Зидан бүгін баспасөз мәслихатында қызметінен кететінін мәлім етті. Бұл туралы спорт басылымдары жарыса жазып жатыр.

Арнайы өткізілген баспасөз мәслихатында бас бапкер командаға үш жылдық ірі жетістіктерден кейін үлкен өзгерістер қажет екенін, сондықтан келесі маусымда команданы жаттықтырмайтынын айтты.

«Келесі маусымда команданы жаттықтырмауға шешім қабылдадым. Командаға өзгеріс, жаңа әдістеме керек», - деді Зидан.

Еске сала кетейік, 26 мамыр күні Зидан бастаған «Реал Мадрид» УЕФА Чемпиондар лигасының финалында «Ливерпульді» жеңіп, үшінші жыл қатарынан Еуропаның теңдессіз командасы атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар