«Реал» - «Барселона» 1-ші таймда тең түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Испания чемпионатының 17-туры аясындағы «Реал Мадрид» командасы өз алаңында «Барселонаны» қабылдап жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Футболсүйер қауым арасында «Эль-Класико» деген атпен танылған драмалық кездесудің бірінші таймында есеп ашылмады. Турнир кестесі алаң иелерінің алдына бүгінгі ойында қалайда жеңіске жету талабын қойды, ал олардан 11 ұпай алда келе жатқан барселоналықтарды тең нәтиже де қанағаттандыратыны белгілі.

Алғашқы минуттардан бастап мадридтіктер бүкіл майдан шебі бойынша шабуыл ұйымдастырды. Ал қонақтар екінші нөмірмен ойнауға мәжбүр болып отыр. Ойын қызу өтіп жатқанымен, алғашқы таймда қауіпті шабуыл көп болған жоқ.

Еске сала кетейік, екінші таймда гол соғылмады, есеп ашылмаса 17 ойын өткізген «Барселона» 43 ұпаймен бірінші, ал «Реал Мадрид» 16 ойыннан 32 ұпай жинап 4-орында қалады.

Соңғы жаңалықтар