Райымбек Баталов «Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасы болып сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Райымбек Баталов «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс ІХ съезі өтіп жатыр.

Жиында алдымен ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңа төралқа төрағасын сайлау мәселесі қаралды.

Съезге қатысушылардың 248-і Р.Баталовтың президиумға төраға болуын қолдады, 9 адам қарсы шықты және 38 қатысушы дауыс беруден бас тартты. Барлығы 302 адам дауыс берді.

«Шешім қабылданды. Баршаңызды құттықтаймын!. Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметін одан әрі жетілдіре түсуде бар күшімді саламын. Бәріміз бірігіп жұмыс істеп, өзгерісті бірге енгіземіз. Біріксек болашақта алмайтын асу жоқ. Олай болса жұмысқа кірісейік», - деді Райымбек Баталов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Райымбек Баталов Атамекен ҰКП-ның басқарма төралқасының міндетін атқарушы еді.



Соңғы жаңалықтар