Раушан Қажыбаева ҚР Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Раушан Жаңабергенқызы Қажыбаева Қазақстан Республикасы Президенті телерадиокешенінің бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Бұған дейін Раушан Қажыбаева ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі, ҚР Парламент Сенаты баспасөз қызметінің жетекшісі, ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры болып қызмет атқарды. Сондай-ақ республикалық «КТК» және «Қазақстан» телеарналарында жұмыс істеген», деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар