+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Расул Жұмалы: Барлық жауапкершілікті Президентке таңып қойсақ - іс насырға шабады

2020 жылғы 10 шілде 14:30
Бөлісіңіз:
Расул Жұмалы: Барлық жауапкершілікті Президентке таңып қойсақ - іс насырға шабады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемелеріне қатысты саясаттанушы Расул Жұмалы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Карантин: 17 тамыздан кейін қандай шектеулер сақталады

«Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында маңызды шешімдер жарияланды. Әсіресе, жауапкершілік, денсаулық сақтауға қатысты, өз жұмысын дұрыс атқармаған құзырлы мекемелердің жұмысын тоқтату туралы айтылды. Енді осының бәрі қалай іске асатыны маңызды. Президент осыдан 2-3 күн бұрын да тікелей эфирде үндеу жариялаған болатын. Бұл, қажетті нәрсе. Себебі коронавирусқа қатысты жағдай өте ауыр, елдің жағдайы мүшкіл. Күн сайын қайғылы жағдайларды естіп жатырмыз», - дейді Расул Жұмалы.

Саясаттанушының айтуынша, осындай жағдайдың себебі көп, бірақ бірден-бір себеп - ақпараттың жетіспеуі.

«Халық коронавируспен бетпе-бет жалғыз қалды. Дәл осындай қиын сәтте мемлекет қайда қалды, оның қамқорлығы қайда қалды? Осындай кезеңде өте қажетті ақпарат айтылды. Енді осы айтылған дұрыс ой, негізді пікірлер іске асса жақсы. Өкінішке қарай, аузымыз талай күйді. Мәлімдеме жасалып, орта жолда қалмаса екен. Осындай қауіпті жағдайда іс насырға шаппас үшін Президент сөзін қолдап, оның қарамағындағы барлық мемлекеттік қызметкер осы айтылған дүниелерді іске асыруы керек. Олар жаңаша жұмыс істеуге қаншалықты дайын? Бұл - үлкен мәселе. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қанша рет тікелей эфирге шығып, орын алған жағдайды өз деңгейінде қарап, бақылап отыр. Бірақ министр, үкімет, әкімдердің деңгейіне қарайтын болсақ - сол баяғы ескі сарын. Олар тікелей эфирге шықпай, халық тарапынан сын болғаннан кейін ғана Алматы, елорда әкімі мәлімдеме жасады. Барлық жауапкершілікті Президентке таңып қойып, басқа мемлекеттік органдар үндемей отыратын болса - іс насырға шабады. Сондықтан айтылған мәлімдемелердің жүзеге асуына қатысты талап қою керек», - дейді ол.


Фото: vzglyad.az


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT