Рассел Кроу «Ең қатты дауыс» телехикаясындағы рөлі үшін «Алтын глобус» алды

None
None
НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат – Рассел Кроу «Шағын телехикая және телефильмдегі үздік ерлер рөлі» санатында «Алтын глобус» америкалық кинопремиясын жеңіп алды. 77-ші марапаттау рәсімі жексенбі күні Беверли-Хиллзде (Калифорния штаты) өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC телеарнасына сілтеме жасап.

Актер «Ең қатты дауыс» («Самый громкий голос», «The Loudest Voice») телехикаясындағы рөлі үшін сыйлық алды.

Сыйлық лауреаттары 25 санатта жарияланады.

«Алтын глобус» мүсіншесінің салмағы 2 келі және биіктігі 26 сантиметр. Ол мырыштан жасалған және 24 карат алтын шармен көмкерілген.

«Алтын глобус» сыйлығын жыл сайын Шетелдік журналистер қауымдастығы тағайындайды. Ол АҚШ-та «Оскардан» кейінгі беделді сыйлықтардың бірі. «Алтын глобус» марапаты кинематограф пен телеарнаны қамтып, өткен жылдың қорытындысы бойынша табыс етіледі.



Соңғы жаңалықтар