Рамзан Қадыров Қазақстандағы науқас қызға жәрдемдесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Батыры Ахмат-Қажы Қадыров атындағы өңірлік қоғамдық қор Қазақстан Республикасы Байқоңыр қаласындағы 7 жасар Элиф Нұржанованы емдеуге қаржылай көмек берді. Бұл туралы жазбаны қыздың анасы Айнұр Нұржанова Инстаграм әлеуметтік желісінде жариялады.

«Сәлеметсіздер ме!!! Құдайға шүкір, бірнеше минут бұрын  Ахмат-Қажы Қадыров атындағы өңірлік қоғамдық қор Элиф үшін 10500$ аударды. Бақыттымын, айтар сөзім жоқ. Құрметті Рамзан Ахматович, сізге деген алғысым шексіз!

Мейрамнан кейін нақты есеп беремін. Мереке болғандықтан алда болатын ота мен 1 қазанда өтуі тиіс тексерілуге қатысты ресми есеп ала алмадық. Мейрамнан кейін төленетін соманы білетін боламыз, оны сізге көрсетемін. Альхамдуллилах, біздің ақша жинау шотымыз жабылды!» - деп жазды қыздың анасы.

Еске сала кетейік, Э. Нұржанованың диагнозы: ми-жұлын жарығы, гидроцефалия, скалиоз, деп хабарлады «Грозный-информ» АА. 

Соңғы жаңалықтар