«Рамстор» сауда үйінің бас есепшісі ақша жымқырғаны үшін айыпты деп танылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Рамстор» сауда үйінің бұрынғы бас есепшісі Әсем Аухадиева ақша жымқырғаны үшін айыпты деп танылды. Үкімді Медеу аудандық сотының судьясы шығарды. Бұл туралы «Рамстор Қазақстан» ЖШС өкілі Елена Максименко хабарлады.

Судья «Рамстор» ЖШС-нің азаматтық шағымын қанағаттандырып, сотталушыдан 153 050 217 теңге көлемінде өтемақы өндіру туралы шешім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, есепшінің «Рамстор» сауда үйінің қаржысын бухгалтерлік есепке енгізбей, 153 050 217 теңге көлемінде ақша жымқырғаны дәлелденді.

Алайда, сотталушы өзіне тағылған айыппен келіспей отыр. Ол жақын арада апелляциялық шағым түсірмек.

Соңғы жаңалықтар