Рәміздерімізге құрмет сезімін қалыптастырудағы жұмыстарды жүйелі жүргізу қажет - Мемхатшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар гералдикасы  мәселелері  жөніндегі республикалық комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар гералдикасы  мәселелері  жөніндегі республикалық комиссия өзіне жүктелген саланың жұмысын үйлестіретін басты мемлекеттік әрі қоғамдық институт ретінде тиімді істер атқарып жатыр.  Осыған дейін орындалған жұмыстардың нәтижесі көрсетіп отырғандай, салада белгілі реттілік қалыптасты», - деп атап өтті отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы.

Осы ретте ол азаматтардың мемлекеттік рәміздерге  деген құрмет сезімін қалыптастыру  бағытында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын  жүйелі  түрде ілгерілету, патриоттық тәрбиенің рөлін әсіресе  жастар арасында одан ары жалғастыру қажеттігіне баса назар аудартты.null 

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев таяудағы Жолдауында: «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін, олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуі тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды» деп атап өткен болатын. Ол - Қазақстан азаматтарының ел мен жерге, Отанға деген құрметінің артуы, Тәуелсіздігіміздің нығаюына ықпал етуі», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Отырыста ҚР Жоғарғы сотының, Жамбыл, Алматы, Павлодар облыстары әкімдіктерінің мемлекеттік рәміздерді насихаттау бағытында атқарып жатқан жұмыстарының нәтижесі тыңдалды. Сонымен қатар Инвестициялар және даму, Мәдениет және спорт министрліктерінің ведомстволық наградаларды бекіту туралы ұсыныстары қаралды.

Соңғы жаңалықтар