Рәміздер күніне орай Алматыдағы ұлттық кітапханада көрме ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Ұлттық кітапханада рәміздер күніне орай кітап-иллюстрациялық көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық кітапханадағы көрме 10 күнге дейін созылады. Мұнда оқырмандар мемлекеттік рәміздердің тарихымен жіті таныса алады.

Мемлекеттік үш нышанды таңдау үшін 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады.

Оның құрамына тарихшылар, заңгерлер және басқа да танымал қайраткерлер кірді.

Осыдан кейін бүкіл Қазақстан көлемінде Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына конкурс жарияланды.

1992 жылдың 4 маусымында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» Заңдарға қол қойды.

Мерекеге арнайы ұйымдастырылған көрмеден мемлекеттік рәміздері авторларының өмірбаяны,шығармашылығы, атқарған қызметтері және осы уақытқа дейін мерзімдік басылымдарда жарияланған мақалалармен танысуға болады.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық кітапханасының қорында мемлекеттік рәміздер туралы қазақ және орыс тілдерінде 3 мыңнан астам ақпарат жинақталған.


Соңғы жаңалықтар