Рамеш Джаура: ҚазАқпарат – тарих куәгері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - IDN-InDepthNews жетекші ақпараттық агенттік болып табылатын коммерциялық емес Халықаралық Синдикаттың басқарма төрағасы және бас редакторы Рамеш Джаура «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Қымбатты «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігіндегі достар мен әріптестер! Мен, Рамеш Джаура – IDN-InDepthNews жетекші ақпараттық агенттік болып табылатын коммерциялық емес Халықаралық Синдикаттың бас директоры және бас редакторымын.

Сіздердің жүз жылдықтарыңызды атап өтуге виртуалды түрде болса да қатысқаныма өте қуаныштымын және сіздерге тағы да жемісті 100 жыл тілеймін. Алдағы күндері сіздер 100 жылдық мерейтойларыңызды атап өтесіздер. 100 жыл, тұтас бір ғасыр - бұл адамның өмірі секілді ұйым ғұмырындағындай ұзақ уақыт», - делінген Рамеш Джаураның ұқттықтауында

Оның айтуынша, ҚазАқпарат Қазақстан сияқты Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі тарихтың куәгері болған.

«Қазақстан 1920 жылы КСРО-ның дербес Республикасына, 16 жылдан кейін, 1936 жылы Қазақстан КСРО-ның толыққанды одақтық Республикасына айналды.

1949 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстан төрт жыл өткеннен кейін Шығыс Қазақстандағы Семей ядролық полигонында алғашқы ядролық сынақ жарылысы болды.

Алғашқы басқарылатын ғарыш кемесі 1961 жылы Қазақстанның оңтүстігіндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылды.

1991 жылы тамызда Президент Назарбаев батыл тарихи акт жасап, Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.

Содан бері сіздің еліңіз бен ұйымыңыз ядролық және басқа да жаппай қырып-жоятын қару-жарақтан азат әлем құруға өз үлесін қосып, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жақтаушылары болды.

Мен бұған соңғы жылдары Қазақстанға жасаған сапарлар кезінде көз жеткіздім», - дейді Рамеш Джаура.

Ол Қазақстанға сапарларының бірінде «ҚазАқпараттағы» әріптестермен және Халықаралық ақпарат агенттігінің басқарма төрағасы Асқар Умаров мырзамен кездескенін айтып өтті.

«COVID-19 пандемиясы және ядролық қару жарысының қайта басталуы халықаралық бейбітшілік пен адам қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.

Бұл сенімді ақпарат ұсыну үшін біздің жұмысымызда әлі де үлкен қашықтықты еңсеру керектігін және зардабы көп болған ХХ ғасырдағы апатты жағдайларды болдырмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керектігін білдіреді», - деді Рамеш Джаура.


Соңғы жаңалықтар