Рамазан айында Түркістандағы мұқтаж отбасыларға 6 млн теңге көмек берілді

None
Фото: Түркістан облысының өңірлік коммуникация қызметі
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Рамазан айында Түркістандағы жағдайы төмен отбасыларға 6 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Бұл туралы Түркістан қаласының бас имамы Мухамеджан Жумадуллаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рамазан айында Түркістан қаласында 562 отбасыға азық-түлік үлестіріліп, жағдайы төмен отбасыларға 6 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, 27 мешітте күнделікті 100-150 адамға жомарт жандардың демеушілігімен ауызашар берілді.

Бұдан бөлек, облыс орталығында «Өткенге құрмет, тіріге міндет» деп аталатын шара аясында қаладағы барлық мазараттарда тазалау жұмыстары жүргізілді.

«Барша мұсылман баласын ұлық мерекеміз – Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Ораза айт – әлем мұсылмандарын бірлікке, жақсы істердің ұйытқысы болуға шақыратын мейрам. Қасиетті рамазан айында ұстаған 30 күн оразаларыңыз қабыл болсын!» - деді Түркістан қаласының бас имамы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.


Соңғы жаңалықтар