Рамазан айында Маңғыстау мешіттерінде күн сайын 5 мыңға жуық адамға ауызашар беріледі

None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Рамазан айында Маңғыстау мешіттерінде күн сайын 5 мыңға жуық адамға ауызашар беріледі. Ал облыстық «Бекет ата» мешіті жанында арнайы ауызашар шатыры тігіледі. Онда күнде 400 кісіге ауызашар дастарқаны жайылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Рамазан айы - Аллаға құлшылық етуге, ізгі амалдар істеуге, бойдағы иманды күшейтуге мүмкіндік беретін аса берекелі ай. Биыл өңіріміздегі 40 мешіттің 20-сында тарауық намазы, хатым Құран оқылады» деді Маңғыстау облыстық Бекет ата мешітінің бас имамы Әнуар Елжанов.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сәуір айының 17-нен 18-не қараған түнін қасиетті қадір түні деп белгілеген. Ал 21 сәуір – ораза айт мерекесі. Сондай-ақ, пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелген.

«Биыл пітір садақаның мөлшері - 535 теңге. Дәулетті адамдар садақаны құрма, мейіз бағасымен де беруіне болады. Підия(фидия) төлеуге шамасы келмейтін мұсылмандар пітір құнымен де підия бере алады. Осы ретте кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырамын», - деді облыстың бас имамы.


Соңғы жаңалықтар