+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

Рамазан айында Құран хатым рәсімдері қашықтан оқылады – Бас мүфти

2021 жылғы 8 сәуір 16:57
Бөлісіңіз:
Рамазан айында Құран хатым рәсімдері қашықтан оқылады – Бас мүфти

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Рамазан айында Құран хатым рәсімдері қашықтан оқылады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мәулен Әшімбаев: Рамазан – сабырлықтың, мейірімнің және ізгіліктің айы Нығматулин: Рамазан айы - әрбір адамға рухани бірлік пен күш-қуат береді Рамазан айы адамдарды жанашырлық пен мейірімділікке үндейді – Асқар Мамин

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыстарын онлайн режимде жүргізуді жалғастырады. Құран хатым жасау рәсімдері де қашықтан оқылады. Біз Рамазанда бір ай бойы жалғасатын діни дәрістердің, қасиетті Қадір кешінің, ұлық мейрам - Ораза айттың онлайн бағдарламасын дайындап қойдық. Интернет желісі арқылы сұраққа жауап алып, онлайн насихат тыңдап, үйден шықпай сауапты амалдарға ортақтасуға болады. Біз қазіргі жағдайды ескеріп, өткен жылы жүзеге асырған жобамыз бойынша пітір садақасы мен зекетті онлайн режимде берудің оңтайлы жолын тағы ұсынып отырмыз», - деді Бас мүфти Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы ел азаматтарын пандемия кезінде барынша сақтанып жүруге, адам көп шоғырланған орындарға бармауға, ауыз бекіткен жағдайда дұрыс тамақтануға, мүмкіндігінше жұмыс кестесін ыңғайлап, денсаулықты күтуге үндеді.

«Қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауап алуды ниет еткен жандарға айтарым: ауызашар қораптарын еріктілер немесе мешіт қызметкерлері арқылы көмекке мұқтаж азаматтарға жеткізуге болады. Діни басқарма Рамазан айында санитарлық талаптарды сақтай отырып, қайырымдылық іс-шараларын жоспарлы түрде жүзеге асырады. Баршаңызды игі іске үлес қосуға шақырамын», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT