Рамазан айында Қарағанды мешіттерінде тегін такси ұйымдастырылады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Рамазан айы басталғалы Қарағанды мешіттерінде қайырымдылық акциялары өтуде. Облыстық мешіт көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік таратып, көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бөлек, қаланың барлық мешіттерінде ауызашарлар ұйымдастырылуда. Ал оған келетін жүздеген адамды үйлеріне жеткізіп салу үшін тегін такси қызметін іске қосу жоспарланған.

«Мешіт әрдайым қайырымдылық шараларын ұйымдастырып отырады. Алайда мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында ол шаралардың саны екі есе өседі. Жақсылық жасау - Жаратушының алдындағы үлкен іс,» - деп атап өтті Әнет баба атындағы облыстық мешіттің сайт редакторы Нәзира Байназарова.

Рамазан - мұсылмандар үшін қасиетті ай. Құранда айтылғандай, осы қасиетті айда Ораза тұту ислам дініндегі бес парыздың бірі. Биыл 6 мамыр күні басталған Рамазан айы 5 маусымға дейін жалғасады. Берілетін пітір-садақаның көлемі - 300 теңге.

Соңғы жаңалықтар