Рамазан айында берілетін пітір-садақаның көлемі қандай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы Рамазан айында берілетін пітір-садақаның көлемі белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мəлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Пітір-садақаның көлемі - 300 теңге. Бұл - пітір садақаның ең төменгі мөлшері. Бұл мөлшерден асырып, көбірек беруге де болады» - деп жазды Ағабек Қонарбайұлы Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, биылғы Рамазан айы 6 мамырда басталады.

«6 мамыр - оразаның бірінші күні. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні - 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым - ораза айттың бірінші күні. Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін», - деген болатын А. Қонарбайұлы.

Соңғы жаңалықтар